- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Самғау" концерті. Қазақтың сүйікті...
"Самғау" концерті. Қазақтың сүйікті әуендерінің жаңа әуезі
27 қарашада Республика сарайында сағат 19.00-де Жәния Әубәкірованің көптен күткен авторлық жобасы "Самғау" концерті өтеді.
Концерт бағдарламасына сал- серілер, жыраулар дәстүрінен бастап, Кеңес дәуірінің эстрадасы, кәсіби композиторлар мектебінен қазіргі заманғы поп-музыкаға дейінгі түрлі тарихи кезеңнің композициялары кіреді. Қазақстандықтардың қошеметіне бөленген "Жігіттер жыры", "Бақыт құшағында", "Дударай", "Атамекен", "Гүл Алматым" сияқты әндер жаңаша түрленіп, жаңа нұсқада шырқалады.
Салмақты гитара рифтері, танго мен Бах хорының өткір ырғақтары - "Самғау" концертінде тыңдармандарға әзірленген жаңалықтардың бірі.
Концертке танымал қазақстандық орындаушылар: Жәния Әубәкірова, Ренат Гайсин, Рүстем Нұржігіт, Әміре, Ерлан Байбазаров, Ayree, Шаба, Досжан Үби, Динара Базарбаева-Сахаман, Салтанат Меңдіғалиева, Қарақат Башанова, Ғалымжан Нарымбетов.
Симфониялық оркестр мен хорға ыңғайлап жазылған дәстүрлі жанрлар мен стильдердің шеңберінен шыққан, жаңа туындыларды тыңдарманға сыйлау үшін үздік отандық ән әрлеушілер мен композиторлар - Ренат Ғайсин, Шырын Базарқұлова, Әділжан Толықпаев, Арман Жайым, Сәтжан Шәменов, Илья Башкатов, Серік Нұрмоладев, Данияр Біржапырақов, Максим Максимов еңбек етті.
Концертке Қанат Омаров пен Абылай Тілепбергеновтің жетекшілігімен Т.Әбдірашев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі, Qazyna вокалдық тобы, сондай-ақ, Steppe sons альтернатив-фолк тобы қатысады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек