- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Самат Нұртаза депутат...
Самат Нұртаза депутат болғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Самат Нұртаза Мәжіліс депутаты атанғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы депутат Faсebook-парақшасында айтты. Оның сөзінше, 2018 жылы түлектер кездесуіне бара алмаған.
"2018 жыл. Жалақым 135.000тг. Көлік жоқ. Пәтер жоқ. Түскі асты өзіңмен алып баратын кездер. Сол 2018 жылы мектеп бітіргенімізге 20 жыл толып, барлық класстастар жиналған еді. Бармадым. Не деп барасың? Он екіде бір нұсқаң жоқ. Сөзіңнің салмағы болу үшін - төрт құбылаң сай болу керек қазақ қоғамында.
Сол кездесуге кілең жолы болған, үбірлі-шүбірлі, зәулім үйі бар, жұмысы жақсы жігіттер, тұрмысқа сәтті шыққан қыздар, қымбат көліктерімен кездесуге жарыса барған еді. Ал жолы болмаған, тұрмысқа шықпаған қыздар, жұмыссыз жүрген жігіттер, сіңірі шыққан күйзелістегі кедейлер ол кездесуге бармады. Себебі көбінесе ондай жиындарға сағынғаннан емес, сынауға, мұқатуға, мақтануға барады", - дейді ол.
Ал биыл 2023 жылы мектеп бітіргеніне 25 жыл толған екен.
"Сыныптастан шыққан жалғыз депутат болдық. Сөзіміздің салмағы пайда болды, "Сәке, сағындырдың ғой"деген сообщениялар да келіп жатыр. "Билет алып берейін, қолымды қайтармашы Сәке!" деген аудиохабарлар да келді. Қысқасы, мектебім мені күтіп отыр екен", - дейді депутат.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина