Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіштің қайда екені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Самат Әбіш Қазақстанда, ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Еске салайық, мұның алдында Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты Қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілеттерін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған едік.
Оның алдында Алматыда өтіп жатқан Қаңтар оқиғасына қатысты сотта ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері Руслан Ысқақов шулы мәлімдеме жасады.
Сотталушының айтуынша, Қаңтар оқиғасы кезінде ол сол кезде Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Самат Әбіштің бұйрығын орындаған. Руслан Ысқақов бұл кезде ҰҚК 5-департаментінің бастығы болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!