Алматыда өтіп жатқан Қаңтар оқиғасына қатысты сотта ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері Руслан Ысқақов шулы мәлімдеме жасады. Іс бойынша негізгі айыпталушылар Ысқақовтан басқа, Дикий Арман лақап атымен танылған криминалист Арман Жұмагелдиев пен қалалық мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Сотталушының айтуынша, Қаңтар оқиғасы кезінде ол сол кезде Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Самат Әбіштің бұйрығын орындаған. Руслан Ысқақов ҰҚК 5-департаментінің бастығы болған.
"Мен берген куәлік құпия болып қалды... Әбіштің бұйрығын орындадым деп айтуыма тыйым салмақшы", - деді Ысқақо сотта.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!