Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты Қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілеттерін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Тергеу құпия құжаттаманың едәуір көлемін зерделеумен байланысты", - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді. Сонымен қатар қадағалау ведомствосы Конституция нормаларына сәйкес, заң мен сот алдында бәрі тең екенін еске салды.
"Тергеу қорытындысы бойынша заңды іс жүргізу шешімі қабылданады", - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Алматыда өтіп жатқан Қаңтар оқиғасына қатысты сотта ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері Руслан Ысқақов шулы мәлімдеме жасады.
Сотталушының айтуынша, Қаңтар оқиғасы кезінде ол сол кезде Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Самат Әбіштің бұйрығын орындаған. Руслан Ысқақов бұл кезде ҰҚК 5-департаментінің бастығы болған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!