- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Самара – Шымкент тасжолында 35 адамды эвакуацияланды
Самара-Шымкент тасжолында Өзбекстан мен Тәжікстанның 35 азаматы эвакуацияланды
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Құтқарушылар Самара-Шымкент тасжолында 35 адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Ақтөбе облысы Самара-Шымкент тасжолында автобус бұзылып, жолда қалды.
Онда Өзбекстан мен Тәжікстан Республикаларында тұратын 38 жолаушысы болған.
Олардың бәрі Ырғыз ауылына аман-есен жеткізілді, оларға қажетті қолдау көрсетілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан