- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Самара-Шымкент тасжолында жантүршігерлік...
Самара-Шымкент тасжолында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты
Самара-Шымкент тасжолында бес адам, оның ішінде үш бала жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 26 тамызда Қобда ауданы Әлия ауылына жақын маңда болған. Mersedes және Volkswagen Polo көліктері соқтығысқан.
Оқиға орнында жеңіл көліктің төрт жолаушысы жан тапсырды. Денсаулық сақтау басқарма өкілдері қаза тапқандар арасында екі бала мен екі ересек адам - 50 жастағы әйел мен шамамен 35-40 жастағы ер адам бар екенін айтты.
Жүргізуші мен үш жасар бала ауруханаға жеткізілді. Алайда жансақтау шараларына қарамастан баланы құтқару мүмкін болмаған. Дәрігерлер жүргізушінің де жағдайын ауыр деп бағалайды.
Өңірлік Полиция департаменті соталды тергеу жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, Самара-Шымкент тасжолында кейінгі айда жол апатынан 17 адам көз жұмды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова