Қазақстанның әртістері, мәдениет және спорт саласының өкілдері бүгін Астанада өтіп жатқан референдумге қатысты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дауыс берушілер бүгін сайлау учаскелерінде актриса Самал Еслямова, әнші Майра Ілиясова, актер Әділ Ахметовті, спорт жұлдыздары Илья Илин, Серік Сәпиев пен Галина Дуванованы кездестірді.
"Бұл – халық үшін өз пікірін білдіруге және таңдау жасауға мүмкіндік беретін маңызды сәт. Мен барлығын азаматтық ұстанымын көрсетуге, шетте қалмауға шақырамын", – деп атап өтті кино және театр актері Әділ Ахметов.
Қала тұрғындары мәдениет және спорт өкілдеріне жылы лебіздерін білдіріп, фотоға түсіп жатты.
Дауыс берушілердің қатарында бүлдіршіндерін жетектеген жас аналар да өте белсенді. Отбасыларымен келіп жатқан тұрғындар бір-бірін құттықтап, фотоға түсіп жатты.
Айта кетейік, таңертеңгі сағат 7.00-ден бастап Астанада 460 учаске жұмыс істеп тұр, оның 352-сі ашық, 34-і жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде орналасқан. Соңғы мәліметтер бойынша референдумға қазірдің өзінде 50%-дан астам сайлаушы қатысқан, бұл заңнамаға сәйкес референдумның өткенін білдіреді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!