Ақмола облысының 53 жастағы тұрғыны бес жыл бұрын жасаған қылмысын мойындады. Күдікті Атбасар аудандық полиция бөлімшесіне өзі келген , - деп хабарлайды Kazakh24.info.
"Ер адам 2017 жылы Целиноград ауданы Талапкер ауылында 49 жастағы ер адамды өлтіріп, салынып жатқан үйдің қабырғасына бетонмен көмгенін мойындады", - деді Ақмола облыстық ПД өкілдері.
Күдікті марқұммен сөзге келісе алмай өлтіріп тастағанын айтып, оны көмген жерін көрсетті. Марқұмның денесінің қалған бөлшектері тергеу амалдары кезінде табылды. Бүгінде сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнынан дәлел ретінде зілбалға алынды. Енді "Адам өлтіру" бабы бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!