- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Салықты бәрінен аз...
"Салықты бәрінен аз төледі". Мұқаев Митталға жеңілдік жасаған бұрынғы билікті айыптады
Мәжіліс депутаты үндістандық миллиардер Лакшми Миттал туралы жазбасын Желі қолданушылары қызы талқылап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәулет Мұқаевтың сөзінше, Лакшми Митталды инвестор ретінде елге әкелу үшін бұрынғы билік оған көптеген жеңілдік жасаған.
"Оның салықты бәрінен аз төлейтініне 2000 жылдары депутаттар жиі шағымданатын. Миллиардер еліміздегі ең ірі өңір саналатын Қарағанды облысының бүкіл дерлік қазба байлығын ен жайлады. Ол тек көмірді емес, болатты, темірді, қорғасынды, мырышты (цинк), әлемде өте қымбат бағаланатын сирек жер металдарын және басқасын астына басты. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басқарушысы Палаватху Кришнан Наир Биджуға 2021 жылы 375,9 миллион теңге немесе айына 31,3 миллион теңге төлегені белгілі болды. Демек компания басқарушысы бір күнде 1 миллион теңге жалақы алып отырған. Ал 2022 жылғы деректерге сәйкес, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының таза табысы 215 миллиард теңге болса, соңғы 5 жылда "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының табысы 1 триллтон теңге болды", - деп жазды ол.
Мәжіліс депутаты сонымен бірге Лакшми Миталлдың жалғыз қызын ұзатуға 78 миллион доллар жұмсағанын да жазған.
"Әлемдегі ең қымбат үйлену тойы атағын осымен 20 жыл қатарынан Амит Бхатиа мен Ваниша Миттал жұбы ешкімге берер емес. 2004 жылдың 20 маусымында үнді магнаты Лакшми Митал жалғыз қызын тұрмысқа берді. Байлығы тасыған кәсіпкер сүйікті перзентінің үйлену тойын естен кетпестей өткізу үшін 78 миллион АҚШ долларын жұмсаған. Салтанатты шараға елдің түкпір-түкпірінен мыңдаған қонақ шақырылған. Меймандар Париждегі бес жұлдызды Grand Intercontinental қонақ үйінде тоқтап, тегін тұрған. Ал кешке барлығын Эйфель мұнарасының маңында ғаламат фейрверктер күтіп тұрды. Бір күннен соң, мерекелік шара Парижден 50 шақырым қашықтықта орналасқан XIV Людовик дәуріндегі Vaux le Vicomteа сарайында жалғасын тапты. Той қонақтарына ерекше әсер қалдыру үшін бай отбасы қуанышына әйгілі Мулен Руж бишілері мен Кайли Миноугты шақыртқан. Үйлену тойы бір аптаға созылды. Бұл уақыт аралығында үстелге 6000 тағам мен 1 500 000 доллар тұратын ішімдік қойылған. Арнайы той қонақтары үшін Тюильри бағы мен Сен-Клу саябағы жалға алынған. Тойға шақыртулар күміс қобдишалармен берілген. Үйлену аяқталған соң, әрбір қонақ сыйлық ретінде асыл тастармен көмкерілген дизайнерлік сөмке алды. Айта кетерлігі, аталмыш жұп 2013 жылы біржолата ажырасып кетті", - деп жазды Дәулет Мұқаев.
2 сағат бұрын жарияланған бұл жазбаға 2300-ден астам пікір жазылған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан