Салық төлеуден жалтарған: тағы бір қазақстандық Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды

Салық төлеуден жалтарған күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол 2018-2020 жылдар аралығында коммерциялық кәсіпорын директоры бола тұра, корпоративтік табыс және қосылған құн салығын төлеуден жалтарып, мемлекетке 293 млн теңгеден аса залал келтірген.

"Қылмысты жасағаннан кейін күдікті жасырынып, бір жылдан аса уақыт бойы халықаралық іздеуде болды. Биыл қыркүйекте ол Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауы бойынша құқық қорғау органдарына берілді. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, биыл Біріккен Араб Әмірліктерінен 9 адам экстрадицияланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!