Мемлекеттік кірістер комитеті бюджетке төлем жасау кезіндегі жаңа талаптарды түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Комитет мәліметінше, 13 қаңтардан бастап Қазақстанда ISO 20022 халықаралық стандартты төлем хабарламаларының форматы енгізілген. Бұл елдің төлем жүйелерін, екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелерін және басқа азаматтарды қамтиды.
Негізгі өзгеріс - жаңа "нақты төлеуші" графасы.
Заңды тұлғалар өздерінің құрылымдық бөлімшелері үшін салық пен әлеуметтік төлемді төлеген кезде жиынтық төлем тапсырмасының "нақты төлеуші" бағанында тиісті құрылымдық бөлімшенің атауы мен БСН-ын көрсетуі қажет. Сот орындаушылары борышкерлердің міндеттемелері бойынша төлемдерді аударған кезде төлем тапсырмасының "нақты төлеуші" бағанында борышкердің ТАӘ және ЖСН-ын көрсетуі қажет.
"Нақты төлеуші" графасында мәлімет дұрыс көрсетілмеуі қаражат дұрыс есепке алынбауына және қарыз пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.
Комитет салық төлеушілерді төлем құжаттарын рәсімдеу кезінде мұқият әрі жауапты болуға шақырады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!