Қосшы қаласында салық органының қызметкері декларация тапсыруға келген адамдардың атына несие рәсімдеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Бүгінде интернет-алаяқтықтың 5 дерегі анықталды.
Салық органының қызметкері азаматтарды декларация тапсыруға шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп алған. Содан кейін олардың атына онлайн микрокредит рәсімдеп, ақшаны өз шотына аударған.
"Қосшы қаласы прокуратурасының нұсқауын орындау барысында алаяқтың кім екені анықталып, ол Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша жауапқа тартылды", - деп жазылған хабарламада.
Облыстық прокуратура қазақстандықтарға сақ болуға шақырады.
Аяз Есен
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!