Полиция азаматтарды жаңа алаяқтық тәсілінен сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, өздерін мемлекеттік органның қызметкері ретінде таныстырады. Олар "Салық декларациясын уақытылы тапсырмағансыз" деп сендіреді. Осылайша, банк шоттарыңыз бұғатталуы мүмкін екенін айтып қорқытады. Мәселені үш күн ішінде "шешу қажет" деген сылтаумен қысым көрсетеді.
"Жеке басыңызды растау керек" деп азаматтардан SMS арқылы келген кодты сұрайды. Осы кодты алған соң алаяқтар банк шоттарына қол жеткізіп, қаражатты заңсыз иемденеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!