- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сальто айналып құладым"....
"Сальто айналып құладым". Роза Рымбаева сахнада болған күтпеген жайт туралы айтты
Әнші Роза Рымбаева сахнада болған келеңсіз жайттардың бірін еске алды. Бұл туралы өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, концерттердің бірінде музыкалық техниканы байқамай қалған.
"Сахнада құлағанмын. Сахнада неше түрлі техника тұрады ғой. Мен сахнада көрерменнің алдында ән айтып, артқа қарай келе жатып, ящикті көрмей қалғанмын, сальто жасадым ғой", - дейді әнші.
Бұл оқиғаны әншінің өнердегі әріптестері де еске алды.
"Республикалық сарайда үлкен концерт бергенбіз. Роза Куанышевна ортада билеп айтып жүр, бір кезде артында тұрған (аспапты - еск.) байқамай қалып, монитор биік, шалқасынан аунап барып құлап түсті. Бір жерін сындырып алды ма деп шошып кеттім. Сол жерде атып тұрып, "ханның қызында да мұндайлар бола береді" деп бір сөзбен ештеңе болмағандай жүре берді. Әрі қарай концерт жалғаса берді", - дейді музыкант Мұрат Бисенғалиев.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова