Қуандық Бишімбаев інісі Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өіліміне қатысты өзіне тағылған айыпқа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот ашық режимде тікелей эфирде өтіп жатыр. Оған 2 бап бойынша айып тағылды.
"Мен видеоларды өшіруді сұрағанымды, Салтанаттың телефонын үйге апаруды өтінгенімді мойындаймын. Қылмыс жасадым ба, білмеймін. Сол кезде Салтанаттың өлім аузында жатқанын не өліп кеткенін білмедім", - дейді Бақытжан Байжанов сотта.
Бишімбаев ісі: алқабилерді іріктеу қалай жүреді?
Айта кетейік, экс-министрге әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылып отыр.
Еске салайық, былтыр 9 қарашада Қуандық Бишімбаев ұсталғаны хабарланды. Ол сол кезде әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікке ілінді.
Ал 11 қарашада бұрынғы министр қамауға алынды.
Бұл іс бойынша бүгінгі алдын ала тыңдау барысында мемлекеттік айыптаушы сұмдық жайттарды айтқан еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!