- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Салтанатсыз алғашқы туған...
"Салтанатсыз алғашқы туған күн". Нүкенованың ағасы Айтым 37 жасқа толды
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді 37 жасқа толды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгін Айтым бауырымыздың туған күні екен. Шаңырақтың қорғаны болған нағыз азаматтың өмір жасы ұзақ болсын, қарындасы Салтанаттың аруағы қолдасын! Айтым, сіз әйелдің нәзік әлемін қорғаған нағыз ерсіз!", - деген танымал журналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында зорлық-зомбылықтың құрбаны болған марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдіні туған күнімен құттықтады.
Салтанат пен Айтбектің анасы Жұмагүл Нүкенова да әлеуметтік желідегі парақшасында ұлын туған күнімен құттықтаған.
"Туған күнің құтты болсын, қымбатты ұлымыз! Бұл сенің Салтанатсыз алғашқы туған күнің. Сенің махаббатың мен қамқорлығың, мықты рухың бізге әрі қарай өмір сүруге күш береді. Сен біздің қолдауымызға арқа сүйеу үшін өмір сүреміз. Алда сені қиын жол күтіп тұрғанын білеміз, жолыңды қарындасың нұрландырған соң, жарты жолда тоқтамайтыныңды білеміз. Біз балалардың саған қандай сүйіспеншілікпен, таңданыспен және сеніммен қарайтынын үнемі көреміз, олардың сенімін жерге қалдырмайтыныңа сенеміз. Сені шын жүректен жақсы көреміз және бағалаймыз", - деп жазды анасы.
Ал Айтымның өзі биыл туған күнін тойламайтынын, есесіне Салтанаттың құрметіне қор ашатынын мәлімдеді.
"Болған нәрселерге қарамастан, маған жоғарыдан жіберілген барлық тамаша адамдарға ризамын, біз үлкен ортақ іспен айналысып жатырмыз. Мен биыл туған күнімді тойламаймын. Қордың ашылуы мен үшін, ең бастысы Салта үшін ең жақсы туған күн болмақ. Ең қиыны, осы жылы сенің қоңырау шалмайтыныңды және сенің күлкіңді естімейтінімді түсіну, кішкентайым. Мен әлі де сенің қоңырау шалуыңды күтемін және қорды әлі ашпағаныма өкінемін, бірақ мен оны міндетті түрде ашамын, уәде беремін", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева