- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Салтанат Тұрсынбекова президенттікке...
Салтанат Тұрсынбекова президенттікке үміткер ретінде ұсынылды
Салтанат Тұрсынбекова "Қазақ аналары - дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінен Президенттікке үміткер ретінде ұсынылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұйымның хабарына қарағанда, 11 қазанда Астанада "Қазақ аналары - дәстүрге жол" қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысының отырысы өтіп, онда президенттікке кандидат ұсыну мәселесі қаралды.
"Жиналысқа қатысушылар белгілі қоғам қайраткері, құқық қорғаушы Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызын алдағы Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына кандидат ретінде ұсынды.
Бірлестік басшысы Айнұр Жүгінісова атап өткендей, Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы ана мен баланы қорғауға, отбасы институтын нығайтуға, ұлттық-рухани құндылықтарды насихаттауға белсенді атсалысады", - делінген хабарламада.
Салтанат Тұрсынбекова әр жылдары мемлекеттік құрылымдарда, Жоғарғы Сотта жұмыс істеген, Астана қаласы қоғамдық кеңесінің белсенді мүшесі, сонымен қатар "Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" жобасының жетекшісі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Төлеш