Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін тергеу толық аяқталды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол қылмыстық іс бірнеше томнан тұратынын атап өтті.
"Бүгінде іспен танысып жатырмыз. Кейін сотқа жібереміз. Жәбірленуші мен айыпталушы тарап іспен танысуда. Бірнеше томнан тұратын (қылмыстық істі) қарайды. Тергеу толық аяқталды. Біз іспен танысып болған соң оны прокуратураға жібереміз. Прокуратура арқылы (істі) сот қабылдайды", - деді министр Мәжілістің жалпы отырысынан соң.
Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылып отыр.
Еске салайық, 2023 жылғы 9 қарашада Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болды. Салдарынан бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Экс-министр қамауға алынып, полиция қылмыстық іс қозғады.
Сондай-ақ мемлекет басшысы Қуандық Бишімбаевтың Президент Бишімбаевтың ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!