Марқұм Салтанат Нүкенованың әкесі Амангелді Нүкенов сот шешіміне қатысты ойын айтты - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
13 мамырда судья Қуандық Бишімбаевқа қатысты үкім шығарды. Ол кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
Соттың кулуарында журналистер марқұмның әкесінен сот шешіміне қатысты ойын сұрады.
"Адвокаттарымызға рақмет, Айжан. Біз соттың шешіміне разымыз. Адвокаттарға рақмет, судьяға рақмет", - деді Амангелді Нүкенов.
Марқұмның әкесінің айтуынша, судья дұрыс шешім шығарған.
"Біз бұл шешімге дайын болдық. Бұл істі ІІМ судьясы мен прокуратура шикідей ұсынды. Бірақ Бишімбаевтың тілі сайрап, болған оқиға туралы бәріміз білдік. Судья мен адвокаттарға алғыс айтамын", - деп түйіндеді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!