- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Салтанат Нүкенованың ағасы...
Салтанат Нүкенованың ағасы адвокатының туған күніне бағалы сыйлық жасады
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді отбасылық қорғаушысы Жанна Оразбаховаға бағалы сыйлық жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Айтбек Амангелді әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Адвокат, заңгер Жанна Оразбахованың 37 жасқа толған туған күніне марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы қымбат зергерлік бұйым сыйлаған.
"Жаннаның ұзын алқаға, сырға мен әшекейге қызығатынын білетінмін. Дүкен қызметкерлері оның талғамына сай, керемет сыйлық іздеуге көмектесті. Жанна дәл осы сырғаны алуды қалаған екен", – деп жазды ол.
Әлеуметтік желіде адвокаттың туған күн кешінен видеолар жарияланды.
Желі қолданушылары екеуін зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жақындастырып, дос еткенін, Салтанат Нүкенованың ісі арқылы осындай адвокаттың бар екенін білгендерін жазып, туған күнімен құттықтап жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева