- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Салтанат Бақаева: “Өмірімде...
Салтанат Бақаева: “Өмірімде болмаған мінезімді енді көретін боласыңдар!“
Танымал әнші әрі актриса Салтанат Бақаева жаңа жасында тыңдармандарына ерекше үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі 24 қыркүйекте 37 жасқа толған туған күнін тойлады. Салтанат Бақаева туған күнінде әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше жазба жариялады.
"Өмірде болмаған дерзкий мінезімді енді көретін боласыңдар! Өткен жылға өкпем жоқ, Аллаға сансыз шүкірлер! Қадам басқан 37 жасымда жоспар грандиозный! Соның бәрін орындауға Аллаһ күш қуат берсін! Ал ағайын, бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай! Құттықтауларыңызды күтемін!" – деп жазды ол.
Желі қолданушылары "Мүшел жасыңыз құтты болсын! Мырзаларыңыздың ортасында құлпырып жүре беріңіз", "Жасың құтты болсын, бақытты бол!", "Әлі 18-десіз ғой", "Жасыңыз 37-де емес, 27-де сияқты" деп жазып жатыр", – деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, Салтанат Бақаева – М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрындағы қойылымдарда ойнайды. Өнер иесін театр ұжымы құттықтап, тілек білдірген.
"Театр артисі, Қазақстан Жастар Одағы "Серпер" жастар сыйлығының иегері Салтанат Бақаеваны театр ұжымы құттықтайды", – делінген өнер ордасының құттықтауында.
Сонымен қатар Салтанат Бақаеваны отбасы үйінде гүлмен, тортпен құттықтап, күндіз отбасы мен жақындарымен туған күнін атап өткен. Әншінің күйеуімен бірге торт әрлеп жатқан видеосы желіде тарап, көпшілікті тәнті етті. Әлеуметтік желіде әншіні көптеген эстрада жұлдыздары мен актрисалар құттықтап, арнайы жазба жариялаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева