Павлодарда "ГАЗель" ұрлаған тұрғын автобус аялдамасына соғылды. Ол көлік тізгініне масаң күйде отырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1 қаңтар күні сағат 07:30 шамасында Академик Бектұров көшесіндегі үйдің ауласынан "ГАЗель" маркалы автокөлік ұрланған. Қала тұрғыны Нұркин көшесімен жүріп келе жатып, көліктің рөліне ие бола алмай, автобус аялдамасына соғылған. Соқтығыстан кейін де қозғалысын жалғастырып, дүкен ғимаратына соғылды.
"Оны жақын маңдағы полиция қызметкерлері ұстап, жүргізуші куәлігі жоқ екенін анықтады. Сондай-ақ автокөлік салонында 17 жастағы кәмелетке толмаған бала болған. Жүргізуші куәландырылып, уақытша ұстау камерасына қамауға алынды", - деп хабарлады департамент.
Мас күйінде және жүргізуші куәлігі жоқ жүргізуші автокөлікті жүргізгені үшін 20 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ, ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз