Банан, манго және қауын - пайдалы әрі дәмді жемістер, бірақ осы жемістерді салмақ тастағысы келетіндер жемегені жөн. Бұл туралы диетолог Майкл Мосли айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сарапшы салмақ тастау кезінде бірінші кезекте бананнан бас тартуға шақырды, өйткені әр жемісте шамамен үш қасық қант бар. Мослидің пікірінше, кейбір тропикалық жемістерде де фруктоза аз емес. Мысалы, ананас, қауын және манго. Артық салмақтан арылғысы келетіндер олардан бас тартуы немесе аздап тұтынуы керек.
Маман тәтті жемістердің орнына жаңа піскен жидектерді көбірек тұтынуды ұсынды. Олар ағзаға пайдалы, дәрумендерге бай және құрамында қант жоқ. Мысалы, бір кесе таңқурайда тек бес грамм қант бар екен. Сонымен қатар, диетолог салмақ тастағысы келетін адамдарға майлы және тұзды тағамдарды жемеуге, шұжықтар мен чипстер сияқты тағамдардан бас тартуға кеңес берді.
Еске салайық, бұған дейін диета ұстамай артық салмақ тастауға көмектесетін өнім аталды.
Диетолог Эми Гудсонның айтуынша, мұндай тағамдар деп әдетте құрамында пайдалы дәрумендер, антиоксиданттар және минералдары көп өнімдерді атайды. Көбіне экзотикалық өнімдерді суперфуд деп таныстырып жатады. Алайда мысалы кәдімгі қарапайым жұмыртқаны арықтағысы келетін адамдарға керек нағыз суперфуд деп санауға болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!