Қазақстанда шамадан тыс ауыр жүк көліктерінің жалпыға ортақ автожолдармен жүруін шектеуге бағытталған бірқатар ұсыныс қарастырылып жатыр. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» басқарма төрағасы Дархан Иманашев айтты, деп хабарлайды Massaget.kz.
Оның сөзінше, белгіленген мөлшерден ауыр көліктер жол жабынына айтарлықтай зақым келтіреді. Қазақстан жолдарында салмағы 200 тоннадан асатын жүк көліктерінің жүргені де анықталған.
«Салмағы шамамен 204 тонна болатын көліктің жолға шыққан дерегі бар. Мұндай салмақты ешбір жол жабыны көтере алмайды. Салыстыру үшін айтсақ, бұл үш жарым теміржол вагонының салмағына тең», – деді Дархан Иманашев.
Премьер-министрдің өкімімен автожол саласын реформалау жөніндегі арнайы жұмыс тобы құрылған. Топ жол инфрақұрылымына қатысты мәселелермен қатар, ауыр жүк көліктерінің қозғалысын реттеу жолдарын да қарастырады.
Ұсынылған шаралар қатарында:
Арнайы түстегі нөмір ауыр жүк көліктерін жолда бірден анықтап, олардың қозғалысын тіркеуге мүмкіндік береді. Ал Ішкі істер министрлігі мұндай көліктердің сақтандырылуын және жолға шығу талаптарын сақтауын бақылауы мүмкін.
Қазіргі уақытта аталған ұсыныстарды іске асыру жоспары әзірленген. Оны қарашаның соңына дейін келісіп, кейін тиісті жұмыстарды бастау жоспарланып отыр.