Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы соңғы кездері өзін мазалап жүрген тылсым жағдайларға эмоциясы туралы айтып, сырын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
"Білмеймін, неге екенін... неше күннен бері Қайрекең түсіме кіріп жүр. Бүгін жеті шелпек пісірдім", - деп Астанадағы үйінен сурет жариялады журналист.
Сонымен қатар, Ләйлә Сұлтанқызы соңғы кезде өзі айналысып жүрген эко тақырыбына да тоқталды.
"25 жылдан артық журналистикада жүрсем де, экоға келгенде эмоциямды жасыра алмаймын. Салқынқандылық таныту мүмкін емес...", - деп ішкі сырымен бөлісті ол әлеуметтік желіде.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!