"Сәлем салу - Қазақстанның қорлайтын дәстүрі". Шетелдік блогер аңдамай сөйлеп, оңбай сын естіді

Желіде сәлем салу дінге қайшы деген блогердің видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видеоны TikTok желісінде imuvahhidofff есімді қолданушы жариялаған. Видео 420 мыңнан аса қаралым жинаған.

"Сәлем салу - Қазақстанның қорлайтын дәстүрі. Бұл - келіннің сыйластық белгісі ретінде күйеуінің жасы үлкен туыстарына иілуі. Бұл дәстүрдің тарихы өте тереңде екені айтылады. Бірақ бұл дәстүрдің Исламға қайшы екенін бәрі біле бермейді. Бәріне Мұхаммед пайғамбар мешітке кірген кезде адамдар сәлемдесу әрі құрмет белгісі ретінде орындарынан тұрған, бірақ ол өзінің ұнатпағанын білдіретін оқиғасы белгілі. Келесі жолдары ол мешітке кірген кезде адамдар орнынан тұрмаған. Себебі олар бұл әрекет оған ұнамайтынын білген. Кейбір ғалымдар бұл ұнамсыз әрекет екенін айтады. Бірақ ғалымдардың көпшілігі ол харам екенін айтқан. Себебі шариғатта бастың, дененің алға қарай иілуі ғибадат ету дегенді білдіреді. Ал Алладан басқа ешкімге ғибадат етуге болмайды", - дейді ол.

Ол бұл нәрсе ғалымдар мен имамдардың пікірлерінде де барын айтады.

"Имам Ан Навави тіпті алға қарай бас изеуді айыптаған. Сондай-ақ, ғалымдар қол сүюді (қарапайым адаммен амандасқан кезде), адамды асқақтатын нәрсенің бәрін айыптайды. Бұл Исламда айыпталады. Исламда артық мадақтауға да тыйым салынады. Жай ғана біреуді "мынадай, мынадай" деп мақтау да Исламда айыпталады. Сіз көтермелеген адамдар Алланың алдында иілген адамдар секілді дәрежеде. Бұл дәстүр қайда таралса да, Батыста, Оңтүстік Қазақстанда немесе мүлде басқа жерінде таралса да, кез келген халықтың Исламға қайшы кез келген дәстүрін жасауға болмайды. Тіпті кейбір дәстүрлердің түп тамыры көпқұдайлықтан, пұтқа табынушылықтан алынады. Сондықтан сіздің жерде бар кез келген дәстүрді орындай беруге болмайды", - дейді ол видеода.

@imuvahhidofff

#казахстан #?? #салемсалу #традиции

♬ оригинальный звук - ᖇᗩSᕼIᗪ ᗩSᕼ-SᕼᗩKKI

Желі қолданушыларының басым бөлігі бұл пікірге қарсылық білдіріп жатыр.

"Тынышталыңдар. Бұл - күйеуінің туыстарымен амандасудың бір түрі. Неліктен өз өмірлеріңді қиындатасыңдар?", "Сізбен келіспеймін", "Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрді жою керек пе, жоқ па, оны үйрететін, бағалайтын сен емес. Өз өміріңмен өмір сүр, ешкімге тиіспе", "Біздің дәстүрлерге тиіспе, өзіңді түзе, өзіңмен айналыс", "Бұл жай ғана сыйластық", - деп жазған пікір білдіргендер. 

Еске салайық, бұған дейін ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлдан хиджабқа қатысты пікірін сұрап, осы даулы мәселенің аражігін ашу мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультеті Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры міндетін атқарушы, тарих ғылымдарының докторы Бибизия Кенжебекқызы Қалшабаевамен тілдескен болатынбыз. 

@massaget.kz #сәлемсалу#келін#келінжан#патша#қазақстан#казахстан#ұлыбритания#англия#елизавета2#рек#хочуврек ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!