Құрметті достар, бүгін сіздерге ұсынатынымыз, Алматы жайлы кезекті кітап емес. Бұл кітап - қалаға деген сезімімізді білдіруіміз. MARWIN/"Меломан" дүкендер желісі және Tentek Publishing House суретті "Сәлем, Алматы!" ақпар-кітапшасын ұсынады.
Алматы қаласын қаншалықты жақсы білесіз? Ал балаларыңыз ше?
Қаламыз әсем, онда серуендеу өте қызық, ал ақпар-кітапша парақтарымен серуендеу тіптен қызық. 1936 жылғы ескі әуежайды, 1940 жылы негізі қаланған Шет тілдері институтын, 1950 жылы тұрғызылған "Қазақстан" кинотеатрын, 1955 жылғы "Жазушылар одағын" және көптеген басқа дүниені табуға болады. Верный эклектикасының жауһарлары модернизмнің әйнек-бетоннан жасалған ескерткіштерімен үйлесіп тұр. Көпұлтты қала екенін жергілікті театрлардың атауынан байқауға болады, ал Тереңқұрдың, қорықтың көңіл күйі Әл-Фараби даңғылының толастамас шуымен ұштасып жатыр.
Қазақстанның оңтүстік астанасы тарихы бай әрі сәулет өнерімен ерекшеленеді.
Алматыға арнап қаншама өлең, ән жазылып, көптеген картина салынған!
Серуенді ескі қала бойынша шағын экскурсияға қалай айналдыруға болады? Алматының көрікті жерлерінің бірін тамашалап тұрып, өзіңізге және балаңызға қандай сұрақ қоюға болады? Сүйікті көшелеріміз жайлы баяндайтын парақтарды ақтарып, қала аралауға шақырамыз.
Кітап авторлары Гүлнар Наурызбай мен Сима Омарқұлова алматылық ерекшеліктердің қаймағын жинап, туған қалаларына махаббат арнауын жасап шығарды. Ал суретші Катя Болатова координаталардың визуалды жүйесін құрды. Ол оқырманға қала көңіл күйіне еніп, әрбір парақтағы жұмбақты жаңаша шешуге мүмкіндік береді. Суреттер мәтіннің үстінде, сондықтан бұл нағыз өнер туындысы деуге болады. Бұл жай кітап емес, оқырманға арналған өздігінше ойжұмбақ, сирек кездесетін виммельбух жанрында жасалған (нем. Wimmelbuch - "суретті ойжұмбақ-кітап").
"Сәлем, Алматы!" - бұл сүйікті қалаңның көшелерін аралап, тұрғындармен, мәдениетімен танысу мүмкіндігі. Әдебиет пен өнер сүйетін қауым үшін таптырмас сый болатынына сенімдіміз.
Жарқын "Сәлем, Алматы!" ақпар-кітабы 15 сәуірден бастап "Меломан"/MARWIN кітап сөрелерінде.
Кітап авторлары ақпар-кітапты жазу барысындағы сезімдерімен, оны қалай жасағандарын бөлісті. Сондай-ақ, қаланың қай жерлеріне баруды ұнататындарын айтты.
Кітапты басып шығарған баспа: Meloman Publishing
Кітапты өндірген: Tentek Publishing House
Кітап редакторы: Малика Кохан @malikakokhan
Авторлар: Гүлнар Наурызбай @naragulnaraжәне Сима Омарқұлова @cimamatography
Суретші: Болатова Катя @ttalakott
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!