Билік пен халық арасындағы алтын көпір – журналист. Дегенмен, мыңдаған саланың оң-терісін түсінетін ақпарат мамандары өте аз. Өйткені салалы журналист болу көп күш пен жігерді талап етеді. Журналистика алтын діңгек болса, салалы журналистика оның салалы бұтасы. Нарықтық заман талабы журналистер арасында үлкен бәсеке тудырды. Қоғам сапа мен қоса уақытқа да ерекше назар аударады. Міне осы тұста салалы журналистерсіз процес едәуір тежеледі. Мәселе төңірегінде ардагер журналист Гүлнәр Мағзұмова өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанда салалы журналистерді даярлау мәселесінің өзекті екенін Гүлнәр Мағзұмова да растады.
"Салалық журналистердің ең үлкен артықшылығы, олардың жекелеген саланы толық игергендігінде, өз бағыттарының мәселесін түсінуінде. Шетелде бұл мәселеге ертеден ден қойып келеді. Онсызда сырт елден "оп" десе көшіретін біздің қауым салалы журналисткаға келгенде көк иненің артынан түртпей келеді. Журналистканы осы бағытта оқыту қазақ тілінде дайындалатын кез-келген журналисттік зерттеудің сапасын бірнеше есе арттырар еді. Журналистің танымы кең, білетіні көп болғаны әрине жөн. Дегенмен, бір адам мыңдаған саланың бәрін игере алама. Музыка жайлы жақсы түсінетін адам бір мезетте ауыл шаруашылығын және көліктер жайлы тұшымды омақала жаза алады дегенге сену қиын. Ондай дара азаматтар болса да, некен саяқ, - дейді Гүлнәр Мағзұмова
Ардагер журналист қазіргі штаб басшыларының артық маман ұстағысы келмейтін саясаттарына наразылығын білдіре кетті.
ІІО медиа орталығының журналисті заңгер болу керек
Гүлнәр Мағзұмованың ең өткір мақалалары "Сақшы" газетінде шықты десек қателеспеспіз. Ол кісі салалы журналистка жолында ең бірінші білім керек дейді.
Ішкі істер органы ақпрат ағыны бір сәтке тоқтамайтын орта. Сол себепті әр істің түп қазығын түсіну үшін үлкен тәжірибие мен түсінік талап етіледі. Аталмыш салада қателік жіберуге болмайды. Өте обьективті және дәл болу керек. Заңгерлік білім Ішкі істер органының медиа орталығында жұмыс жасау үшін алтын негіз болып табылады, - дейді Гүлнәр Мағзұмова
Журналист мәселені шешу жолын айта білу керек
Тәжірибелі маман нағыз журналисттің қолынан мәселенің ақ-қарасын айыра білу келу екенін керегін айтты.
Әмбебап журналистердің болғаны жақсы, бірақ салалылардың көп болғаны құба-құп. Журналист мәселені шешу жолын айта білу керек. Бұл көбіне салалы журналистердің қолынан келеді. Бүгінде оқу орындарында салалы журналистиканы оқытпағанымен, жастар бейімделе келе салалы журналистикаға өтіп жүр. Десе де тәрбие тал бесіктен, сондықтан оқыту процесіне көңіл бөліміз керек, - дейді Гүлнәр Мағзұмова
Ардагер журналист Гүлнәр Мағзұмованың бұл пайымы шынымен осы сала жанашырларына ой салар өзекті мәселе. Ашық қоғам, тыңдаушы үкімет саясаты тек түсіністік пен анықтық болғанда орнайтыны анық. Ал салалы журналистика осы тар қапаның алтын кілті іспеттес.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!