Әлеуметтік желіде Шымкент тұрғыны "сәлафпын" деп жүрген қыз келіншектерге үндеу жолдап, жан сырын ақтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Азаттық рухы" парақшасына сілтеме жасап.
Хиджабтағы әйел өзінің аты-жөнін жасыруды жөн санаған. Оның айтуынша, тұрмысқа шыққаннан кейін ол күйеуінің "бауырына" зат ретінде "сыйлыққа" жолданып отырған.
"Мен бұл сөзімді өзін "сәләфпын" деп жүрген қыз-келіншектерге арнаймын. Бала-шағамның қауіпсіздігі ретінде аты-жөнімді айта алмаймын. Ділмұрат ахи, мен Шымкент қаласының тұрғынымын. Намазға келгеннен бері сәлаф балаға тұрмысқа шыққаннан бері оның айтуы, мақтауы бойынша сіздің әрбір айтқан сөзіңізді, уағыздарыңызды тыңдап келдім. Сіздің шәкіртіңізбін деп жүрген сәлаф бауырға тұрмысқа шықтым. Көп ұзамай "өзімнің бауырым" деген тағы бір сәлаф бауырына мені сый ретінде зат ретінде сыйлады. Осылай екіншісі үшіншісіне, үшіншісі төртіншісіне жалғасып кете берді. Сол арада әр тұрмыста балалы болып отырдым", - деді ол.
Сондай-ақ, ол бұған имамдардың дұрыс емес әрекеті әсер етті деп санайды.
"Бір сәлафқа бардым, бала тудым, бұған кім кінәлі десем, "тағдыр ғой, қарындасым, сабыр сақта" дейсіздер. Қайдағы тағдыр, керісінше тағдыр емес бұған сіздердің істеп жатқан қателіктеріңіз , надан тірліктеріңіз кінәлі", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!