Сақтандыру омбудсмені деген кім? Бұл - сақтандыру компаниялары мен оның тұтынушылары арасындағы дауларды әділ шешетін тұлған. Кейде ол бір ғана тараптың талабын орындап береді. Немесе мүлде мәселені шешпейді.
Қазақстанда мұндай жағдай қалай қалыптасты? Ал егер тұтынушы үнемі жеңіліп қала беретін болса, сақтандыру омбудсмені не үшін қажет?
Заңсыздықтан сақтандыру жоқ
Сақтандыру төлемдері күрделі және кең таралған мәселе болып тұр. Оған жол-көлік оқиғасына түскен кез келген жүргізуші тап болады. Сақтандыру компанияларының "қамқорлығын" көргендер олардың ешқайсы материалдық шығын көлемін толық өтеп бермейтінін бірауыздан айтып жүр.
Сақтандыру нарығының қыр-сырлары мен айла-шарғылары және осының бәрінде сақтандыру омбудсменінің рөлі туралы тәуелсіз бағалаушы, әділ сақтандыру өтемақысы саласының сарапшысы Михаил Будянский айтып берді:
"Бәрі сақтандыру омбудсменін сақтандыру компаниялары мен Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы басшыларының белгілі бір мерзімге сайлауынан басталады. Сәйкесінше, омбудсменді солар қаржыландырады. Бүкіл мәселе - осы. Бүгінде ол - Завалко Павел Алексеевич.
- Мұндағы проблема не?
- Біріншіден, шығын көлемін сақтандыру компаниясының өкілі есептейді - ол төлем сомасын төмендетуге тікелей мүдделі тұлға.
- Не үшін тәуелсіз адам есептемейді?
- Себебі тәртіп солай, бастапқыда клиент зардап шеккен мүлкін сақтандыру компаниясының өкіліне көрсетуі керек және шығын көлемін білуі қажет. Содан кейін ғана егер келіспейтін болса тәуелсіз есепшіге жүгіне алады, ол өзі есептеп береді және әрине, оның есептеуі сақтандыру компания есептегеннен көп болуы мүмкін. Осы кезде "сахнаға" сақтандыру омбудсмені шығады. Бүгінде жағдай басқаша, омбудсмен сақтандырушы мен сақтанушының Ұлттық банк реттейтін құқықтық қатынастарына назар аудармайды.
- Ол қай жерде байқалады?
- Сақтандырушының калькуляциясы мен Ұлттық банктің ережесін алдыңызға қойып әр абзацтан қате табуға болады. Тәжірибемде Ұлттық банкке жасалған шағымда бір құжаттың ішінде 18 қате болған калькуляциялар кездескен.
Тіпті өрескел қателер кездесіп жатады. Бұл құжаттар сақтандыру омбудсменінің қолына түседі. Бір шеті - тәуелсіз есептеу. Екінші жағынан - сақтандырушының калькуляциясы. Екеуі де дәлел бола алады. Яғни материалды қабылдап, "маған пікір жазып беріңдер" дейді. Сақтандырушы пікір жазып, неге сүйенгенін дәлелдейтін құжат көрсетеді, мысалы тәуелсіз есептеуші 700 мың теңге шығын деп көрсеткенде ол не үшін 200 мың деп есептегенін дәлелдеуі керек. Осылайша, дау туады. Бұл жағдайда есепші-сарапшы болып саналмайтын омбудсмен не істеуі керек? Ол калькуляцияның Ұлттық банк ережелеріне сәйкес екенін және бағалау қызметі туралы заңға сәйкестігін тәуелсіз бағалауды қарауы тиіс. Осыдан кейін ғана тараптарды тыңдап, тәуелсіз есепші есебіне пікір берсе, сақтандырушы өзінің есебіне пікір білдіреді.
Сонымен қатар, егер тәуелсіз бақылаушы зақымдалған нысанды тексеріп, зерттесе, тексеру актісін жасап, есептеуді орындап, өзі дайындаса, онда сақтандырушыларда мұны төрт адам жасайды. Бір адам қарап, тексеру актісін жасайды. Екіншісі шығынды есептеп, сақтандыру компаниясына электрон түрде жіберді. Оны қабылдаған адам бұл бағаны төмендетеді, себебі ол сақтандыру компаниясының ақшасын үнемдегісі келеді. Кейін басшыға тапсырады, ал ол қол қояды.
Бір қызығы, олардың ешқайсы бағалау саласындағы маман емес. Тиісінше, ол жөндеуді бөлшекті ауыстырудан ажыратпайды және қосалқы бөлшектердің бағасынан бейхабар. Ал омбудсмен осының бәріне назар аударуға міндетті.
Кім омбудсменді кешкі асқа апарса, сол қалағанына жетеді
- Шамасы, ол мұны істемейді?
- Бұған оның реакциясы бірдей: маған мәліметтердің түпнұсқа екенін дәлелдеңіз. Сіз нысанды көрдіңіз бе, десем, "жоқ" дейді. Ал сақтандырушыдағы мәліметтерді көрді ме? Жоқ. Ал мен көрдім. Бөлшектер - түпнұсқа.
Ал ол сенбейді. Ол мүмкіндігінше сақтандырушының үнемдеп қалуын ойлайды. Бұл басынан жалғасып келеді. Яғни 2019 жылдан бүгінге дейін.
- Барлық жағдайдың жүз пайызы сондай ма?
- Ол жағдайлардың жүз пайызын сауда-саттыққа аударады. Өз қызметінің соңында (оның мерзімі қараша айында аяқталады) ол есеп айырысу бөліміне кіріп: "міне, менің ойымша, жөндеу көп. Шығынды азайтуға болады. Мұнда бөлшекті өзгертпей-ақ жөндеуге болады".
Нәтижесінде, шаршадық және сотқа оның шешімдерін жою және қызметін заңсыз деп тану туралы 31 талап арыз бердік. Бірінші қаулы шықты. Сотта біз сақтандырушының калькуляциясы заңбұзушылықпен жасалғанын дәлелдей алдық. Адам істің анық-қанығы шешілгенше, 8 ай күтуге мәжбүр. Осы 8 айда қосалқы бөлшектердің бағасы қарыштап өседі. Қазір ол осы шешім бойынша 911 мың алады және бұл оның көлігін жөндеуге жетпейді. Мұның барлығы сақтандыру омбудсменінің кінәсінен.
- Сотқа жүгіну жағдайға әсер етті ме?
- Сот басталғаннан кейін ол өтініштерді қарауды мүлдем тоқтатты. Қазір оларды қабылдап жатыр.
- Неге сүйенеді?
- Ештеңеге. Тек уақыт созады, болды. Қазір бізде 40-қа жуық материал бар, олар жай ғана оның үстелінде жатыр. Өйткені ол сақтандыру компанияларының ақшасын үнемдеуі керек. Ал тәуелсіз бағалаушылар бұған жол бермейді. Нәтижесінде реттеуші - Ұлттық банкке шағым жазуға тура келеді. Содан кейін олар құжаттарды сұрап, құқықбұзушылықтар анықталған жоқ деп жауап береді. Біз тағы да осындай жауаппен сотқа талап арыз бердік. Процессте жеңіске жеттік. Ұлттық банктен жеке ұйғарым алынды, бірақ құқықбұзушылықтар сақтандырушыдан да, сақтандыру омбудсменінен де анықталмайды, оның жауапкершілігі бірде-бір заңда көзделмеген.
- Ол не үшін қажет?
- Мәселе осында. Ол тұтынушының құқығын қорғамайды, мерзімді созады. Ал сақтандыру компаниясына бұл ыңғайлы. Олар оны осы үшін жасады. Біздің бағалауымызбен келіспейді, тәуелсіз жаса, омбудсменге жүгін. Бірақ мұның бәрі үш айға созылады. Қаласаң, күтесің. Күткің келмесе, берген нәрсені аласың да кетесің. Осыдан кейін клиент бізге жүгінеді. Біз сақтандыру компаниясының үстінен сотқа арыз түсіреміз және дауды омбудсмен реттеуі үшін өтініш береміз. Ал сот - клиентке қосымша шығын, өзі бұл жол-көлік оқиғасында кінәлі болмаса да. Сонда ол өзінің сақтандыру жағдайына өз қалтасынан ақша шығаруы керек. Ал жұртқа көмектесуі тиіс болған сақтандыру омбудсмені көмекке келмейді және тұтынушының құқығын қорғамайды.
- Ол соттарға қатыса ма?
- Әрине. Оған сұрақ қойылады. Мысалы, техникалық мәселелер бойынша дауды қалай шешетіні сұралады. Ол - өз пікірі бойынша шешетінін айтады. Бірақ судья оған "өз пікіріңіз болмауы керек" дейді. Сіз өз пікіріңізбен жұмыс істеуді оқымағансыз. Неліктен сіз сот сияқты үшінші тарап мамандарын тартпайсыз? Ол өтініш берушіге қандай да бір шығындар салуға құқығы жоқ деп жауап береді. Судья оның да мұндай құқығы жоқ дейді. Бірақ бұл дәлелдемелердің негізі. Сіз маманға кеңес алу үшін жүгіне аласыз. Бұдан ештеңеңіз кетпейді. Неге олай жасамайсыз? Сіз адам жол апатынан алты ай күткенін түсініп отырсыз ғой. Сіз оны алты ай бойы жүгіртіп қана қоймай, сонымен бірге ол сізбен күресу үшін мамандарға қанша ақша жұмсағанын ғана өтеп алды. Шын мәнінде, бұл қаржылай астыртын келісім. Сақтандыру компаниялары өздері жасаған құралды қолданып, ақша үнемдеумен айналысады.
- Омбудсмен бүкіл Қазақстанда біреу ме?
- Иә. Тек былтырдың өзінде оған бүкіл республикадан мыңнан аса өтініш жиналды. Бұл ретте ол құжаттарды онлайн режимінде қабылдамайды. Тек түпнұсқалар. Ол Алматыда орналасқан. Оған жүгіну үшін, айталық, Астанадан бері, үш инфаркттан аман қалу керек.
Егер омбудсмен сақтандыру компанияларына тәуелді болмаса, бәрі басқаша болар еді. Сақтандырушылар материалдардың оған түсуінен қорқатын еді. Тұтынушыдан омбудсменге жүгіну ниеті туралы хабарлама алғаннан кейін, сақтандыру компаниясы да он рет ойланады.
Ал қазіргі жағдай олардың қолында. Омбудсменге берілген материалдар бірнеше ай бойы жатады. Одан клиент зардап шегеді. Сақтандыру компаниясы жеңіп тұр.
Автор: Айдар ЕРМЕКОВ. "Аргументы и факты" басылымы
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!