- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сәкен Майғазиевтің кім...
"Сәкен Майғазиевтің кім екенін білмедім". Дизайнер Аида Кауменова ыңғайсыз жайт туралы айтты
Дизайнер Аида Кауменова "Әсем бике" бағдарламасында басынан өткен қызықты оқиғаны еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дизайнер достарымен қазақша сөйлесетінін және қазақша кітаптар оқуға тырысатынын айтты.
"Достарым "Аида, қазақша білсе де, білмесе де, дұрыс болса да, болмаса да, әйтеуір тырысып сөйлейді" деп күледі. Кейін олар үйреніп кетті. Бұл менің шешімім. Мен қазақша кітаптарды ақырындап оқимын, өзіме пайдалы көп нәрсе алуға тырысамын.
Шәкәрім - жазушы. Мен оның кітбын оқып бастадым. Бірақ мен кішкентай бала сияқты бір жерінің мағынасын түсінбей қаламын. Бір бетін бір сағаттай оқимын. Бірақ оқыған және басыма құйылған нәрсе ойымда жақсылап тұрып сақталады", - деді ол.
Аида Кауменова өзінің басынан өткен қызықты оқиғаны бөлісті.
"Негізі мен бұрын Сәкен Майғазиевтің кім екенін білмедім ғой. Біздің досымыз Гауһар Иманқұлова "Екі жұлдыз" жобасына қазылар алқасы болуға шақырды. Сәкенге қарап, атын таба алмай жатырмын. Сәкен сондай ақылды адам. Ол маған қарап тұрды да, "Аида, менің атым - Сәкен Майғазиев" деді", - деп еске алды дизайнер.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова