Сәкен Майғазиевтің әйелі әлеуметтік желіде тегін тренинг өткізді

Сәкен Майғазиевтің әйелі әлеуметтік желіде тегін тренинг өткізді
Фото: instagram/saken_maigaziyev

Танымал әнші, "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев әйелінің психология туралы айтып отырған видеосын жариялап, желі қолданушылары тарапынан қолдау тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сәкен Майғазиев әйелінің видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Видеода Майғазиевтің әйелі "қазіргі психологияны қазақ әлдеқашан айтып қойған" дейді.

"Көз қорқақ, қол батыр, ми жалқау. Ал көз - мидың бір бөлігі. Қазақтар білген соны. Қазір соны психологтар айтып жүр. Бірақ қазақтар оны баяғыда айтып қойған, расшифровкасын білмейміз тек. Әр нәрсені қаламмен жазу керек. Сонда бейсанамызға белгі береміз. Қолмен іс-қимыл жасау керек" - дейді Динара Майғазиева. 

Видеода дастарқанда отырғандардың бірі осынай тренингке адамдар бәленбай миллион ақша төлеп баратынын айтқан. 

Әнші Сәкен Майғазиев "Жеңешелерің сендерге тегін өтіп жатыр. Kaspi нөмірін білесіңдер ғой, иә, жеңгелеріңнің?", - деп әзілдеді.

Әншінің әлеуметтік желідегі оқырмандары "Ақылды, дана әйел", "Осы кісі сондай қарапайым", "Әдемі түсіндіреді екен, өте ақылды әйел екені сөзінен көрініп тұр", - деп жылы пікір жазып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева