Танымал әнші Сәкен Майғазиев Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрында концерт берген Өзбекстан және Қарақалпақстанның Еңбек сіңірген әртісі Максет Өтемұратовқа шапан жапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Максет Өтемұратовтың концертінде Сәкен Майғазиевтен бөлек Мұхтар Ханзада, бүгін ғана ата атанған Абай Бегей де өнер көрсетті. Концерт барысында әнші Сәкен Майғазиев қазақтардың қонақжайлығын және әншіге деген құрметін білдіру үшін Максет Өтемұратовқа шапан кигізді. Өзбекстан және Қарақалпақстанның Еңбек сіңірген әртісі де қарап қалмады, Сәкен Майғазиев пен Абай Бегейге арнайылап әкелген сыйлығын табыстап, ол да шапан жапты.
"Халықтар достығының алтын көпірі болған Мақсетжан, кешің құтты болсын! "Берсең аласың, ексең орасың" деген осы екен", - деп жазды Сәкен Майғазиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әнші Максет Өтемұратов әрі қарай Тараз қаласында концерт беретінін хабарлады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!