Сәкен Майғазиев: 15 жыл перзент күттік

Сәкен Майғазиев: 15 жыл перзент күттік
Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/

Танымал әнші Сәкен Майғазиев тұңғыш ұлынан кейінгі перзентін 15 жыл бойы үміт үзбей күткен екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сәкен Майғазиев бұл туралы үлкен ұлы Әдлетпен әңгімелесіп отырған видеосында айтқан. 

"Сенен кейін біз 15 жыл Раянаны күттік. Перзент күттік. Сенің інілерің, қарындастарың болғанын қаладық, армандадық. Сенің бауырларың, іні-қарындастарың болса деп армандадық. Мен балалы болуды қалай қаласам, анаң одан он есе, жүз есе көп күткенін де білемін. "Неге бұлай болды, қашан?" деп түртпектеп, мазасын алған жоқпын. Алланың есебі, сынағы деп айтудан қорқамын. Алла сынақтан сақтасын. Біз Динара екеуміз бір-бірімізді қолдап жүрдік. "Аман болайық, әлі жаспыз. Ең бастысы, ұлымыз аман болсын" деп өз-өзімізді жұбатумен жүрдік. 15 жылдан кейін анаң жүкті болды. Анаңның құрсағына Раянамыз бітті", - деді ол ұлы Әділетпен әңгімесінде. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева