Сәкен Бибосынов әлем чемпионатында үнді боксшысынан жеңіліп қалды

Сәкен Бибосынов әлем чемпионатында үнді боксшысынан жеңіліп қалды

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында төртінші боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды. 51 килоға дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Сәкен Бибосынов үнді боксшысына есе жіберді. 

2021 жылғы әлем чемпионы, Олимпиаданың қола жүлдесіне ие отандасымыз Дипак Кумарға айқын басымдығын байқата алмады. Нәтижесінде төрешілердің екі жарылған шешімімен үнді боксшысы жеңіске жетті. 

Айта кетейік, бүгін Нұрқанат Райыс, Серік Теміржанов және Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға шығады. Отандастарымызға сәттілік тілейміз.

О. Сансызбай