- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сақалмен тұрған соң...
"Сақалмен тұрған соң жауап бермедім". "Меломен" тобының әншісі Қайрат Мырзахановтің әйелі жұбайымен қалай танысқанын айтты
"Меломен" тобының әншісі Қайрат Мырзаханов алғаш рет отбасын көрсетіп, жұабйымен қалай танысқаны туралы "Қызықты weekend" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шолпан Мырзаханова жұбайымен студент кезінде танысқан.
"2012 жылы қаңтар айында "Мой мир" желісіне Қайрат жазады. Ол кезде жұмыс істейтін болғасын үнемі әлеуметтік желі қосылып тұратын. Ақпанда қолым бос болатын. Бұл кісі бірнеше рет жазған, жауап бермеппін. Маған неше түрлі адам жазады. Оның үстіне сақалмен тұрған суретін қойған соң жауап бермегенмін. Парақшасына кірсем, сымбатты жігіт екен. Әнші екенін білген жоқпын. Сосын жауап беріп, сөйлесіп кеттік. Кейін әнші екенін айтты. Сөйтсем, кәдімгідей бұл кісілер "жұлдыз" екен ғой", - деді әншінің жары.
Әнші таныстықтан соң екі айдан кейін үйленуге ұсыныс жасаған.
"Екі айдан соң Қайрат "маған күйеуге шығасың ба?" деді. Ол кезде 4-курста оқитын едім. Анамның нөмірін сұрады. Сөйтсем, анама хабарласып, екі жақ сөйлесіп, екі аптаның ішінде мені ұзатып алып кетті ғой. Өзім түсінбей қалдым", - деді Шолпан Мырзаханова.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы