Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы облысының тауларында 3-10 ақпан аралығында көшкін қаупі сақталады.
ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкіні жүруі мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік, сақтық шараларын сақтауды сұрайды.
"Алматы облысының аумағында, Іле Алатау тауларының оңтүстік беткейінде, Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында көшкін қаупі бар 55 учаске бар. Қар көшкіні температура жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашын жаууына байланысты түседі", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз