Әлеуметтік желіде өзін Оқу-ағарту министрлігінің қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адамдар үйлерді аралап жүргені туралы видеолар тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайы
Астана тұрғыны Instagram-да осындай видео жариялады. Оның сөзінше, өзін министрлік қызметкерімін деп таныстырған екі әйел үйіне келген. Олар үйде оқушылар бар-жоғын сұрап, жеке дерегін жазып алған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Министрлік пікірі
Министрлік осы жағдайға пікір білдірді.
"Оқу-ағарту министрлігі ресми түрде министрлік қызметкерлері үй аралап, жеке дерек немесе басқа да ақпарат жинамайтынын мәлімдейді. Өзін министрлік атынан келдік деп таныстырып, құжаттар мен дерек талап еткен немесе үйге кірмек болған адамдардың министрлікке қатысы жоқ. Олар алаяқтар болуы мүмкін екенін ескертеміз. Бұл адамдардың заңсыз әрекеттері үшін министрлік жауапты емес", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство өкілдері халықтан қырағылық танытып, дереу құқық қорғау органдарына хабарласуды сұрады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова