Қазгидромет мамандары Атырау тұрғындарына маңызды ескерту жасады. Бүгін қалада қолайсыз метеожағдай болады деп болжанып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Метеорологтар мәліметінше, 2 шілдеде Атырау қаласында ауа ластанады.
Қолайсыз метеожағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (жел, тұман) жиынтығы.
Айта кетейік, 30 маусымда да Атырау тұрғындарына қолайсыз метеожағдай туралы ескертілген болатын.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауады. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды.
"Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: күндіз солтүстік-батыста 28-35 градусқа дейін, солтүстікте 20-28 градусқа дейін, орталықта 22-33 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 27-36 градусқа дейін, оңтүстікте 33-38 градусқа дейін жоғарылайды. Елдің батысында +35+42 градусқа дейін күн қатты ысиды", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!