- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сақ болыңыздар!" Ата-аналарға...
"Сақ болыңыздар!" Ата-аналарға маңызды ескерту жасалды
Фото:
ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға маңызды ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ТЖМ ескертеді:
- Балаларды суға жібермеңіздер және оларды қараусыз қалдырмаңыздар.
- Өзіңіз және жақындарыңызға сақ болыңыздар.
- Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар: шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды; тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды; қалқымалардан аса жүзуге болмайды; мас күйінде суға түспеңіз; су көліктеріне жақын жүзбеңіз", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, биыл 72 адам суға батып кеткені хабарланған еді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты.
Суға шомылу маусымы: қай өңірлерде бала өлімі жиі тіркеліп жатыр?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова