Төтенше жағдайлар департаменті Алматы облысы мен Алматы қаласының тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазгидромет ескертуі негізінде 13 маусымда сағат 8.00-ден сағат 20.00-ге дейін Алматы облысы мен Алматы қаласының таулы аудандарында күндіз қатты жаңбыр жауады.
Алматы облысының ТЖД өкілдері азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады.
"Сіздің аймағыңыздағы ескертулер және басқа да шұғыл ақпарат туралы жедел ақпарат алу үшін "Дармен" тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда таңғы уақытта естілген гүріл тұрғындарды шошытқаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!