Тұрғындарға Қазақстанның пошта қызметінің атынан жалған СМС-тер келіп жатыр. Хабарламада пакетіңіз қоймаға келді, бірақ қате мекенжайы туралы ақпаратқа байланысты жеткізілмейді делінген. Өтінішті растау үшін күмәнді сайтқа сілтемені көшіріп, оны Safari браузерінде ашу ұсынылады. Бұл ақпаратқа сенбеңіз және фишингтік сілтемеге өтпеңіз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
"Қазпошта" АҚ хабарламаларды тек 1499 ресми қысқа нөмірінен ғана жібереді. Ұлттық байланыс операторының ресми сайттары: post.kz, kazpost.kz.
"Қазпошта" сіздерге компания сайтына ұқсас күмәнді сайттарға (тауар немесе жеткізілім үшін төлем жасау) өтуге ұсыныс жасалса, сіздерді алаяқтар алдауға әрекет етіп тұрғанын еске салады.
Егер сіз сәлемдемені күтіп отырсаңыз, оның мәртебесін сайтта немесе post.kz мобильді қосымшасында тексеруге болады.
Ең бастысы банк картаңыздың нөмірін және CVV-кодын ешқашан ешкімге айтпағаныңыз дұрыс.
Егер сіз күмәнді сайтта тауарға жеткізіліммен бірге төлем жасау туралы шешім қабылдасаңыз, онда сіз бұл шешіміңіз үшін өзіңіз жауапкершілік алатын боласыз", – деп ескертеді "Қазпошта" АҚ өкілдері Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!