WhatsApp-та Halyk Bank атынан Рамазан айына орай сыйлықтар ұтысына қатысуға шақыратын хабарлама тарады. Бұл - алаяқтардың ісі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Halyk Bank-тің ресми сайтында Рамазан айына орай сыйлықтар табысталатыны немесе ұтыс ойыны өткізілетіні туралы хабарландырулар жоқ.
Банктің Instagram-дағы және Facebook-тегі ресми парақшаларында да мұндай ақпарат жарияланбаған.
Хабарламада фишинг схеманың белгілері бар. Онда қолданушыларға материалдық пайда табу ұсынылады және белгісіз әрі қауіпті сайтқа сілтеме жасалады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!