Алатау ауданы тұрғындарымен кездескен Ерболат Досаев Саин көшесінің Рысқұловтан Мөңке биге дейінгі бөлігін биыл жыл соңына дейін ашу жоспарланғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.
Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Саин көшесінің (Үлкен Алматы каналынан Мөңке биге дейін) жөндеуден өткен бөлігінде көлік қозғалысы қалпына келтірілді.
Шенділер Саин көшесін ұзарту жұмысын екі жыл бұрын аяқтаймыз деп уәде берген, бірақ құрылыс жер телімдерін сатып алуға байланысты тоқтап тұрды. Әкімдік өкілдерінің сөзіне сенсек, қазір жұмыс жоғары қарқынмен жүріп жатыр.
Мөңке бидегі жолайрықты мамандар 2021 жылы сала бастаған. Жоспар бойынша 5.68 миллиард теңге (13.3 млн доллар) жұмсалған жоба биыл маусымда аяқталуға тиіс еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!