Әншілер Ерке Есмахан мен Raim концерт бермекші, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Күшті жаңалық айтамын. Артынан естімедік деп ренжімеңіздер. Ән салып, би билеп, әңгімелесіп суретке түскілеріңіз келсе... Концертке келіңіздер! Көптен жүздеспедік", - деп жазды Ерке Есмахан.
Әншілер концерттерін Ақтөбеде, Атырауда, Оралда, Шымкентте және Ақтауда бермекші.
Концерт 6 наурыз бен 10 наурыз аралығына жоспарланған.
Ол сонымен бірге бір күн бұрынғы жазбасында сахнаға оралғысы келіп жүргенін жазған.
"Декреттегі Еркеден - әнші Еркеге оралғысы кеп жүрген мен ғой. Сахнаны сағындым, сіздер де мені сағынды деген үміттемін", - деп жазды ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!