Сахнаға жалаңаш шыққан жайдарманшыларға қатысты Есен Елеукен пікір білдірді

Сахнаға жалаңаш шыққан жайдарманшыларға қатысты Есен Елеукен пікір білдірді

Сахнаға ішкиіммен шыққан жайдарманшыларға қатысты Есен Елеукен пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Асхат Садырбайға берген сұхбатында айтты.

Әлеуметтік желіде сахнаға жалаңаш шыққан Жайдарман тобының видеосы кең таралған еді. Оларды бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып, тіпті қалың көпшілік сынға алды. 

Осы жағдайды "Қазақстан КВН одағы" президенті Есен Елеукен былай түсіндірді.

"Бұл - Non Stop деген жоба. Жоғары лиганың өзара ішкі ойыны. Ол жерде тек жайдарманшылар ғана болды. Ол жерде командалардың жыл он екі ай өздерінің қоятын жеке қойылымы. Оған барлығы келеді қонаққа. Кішкене анайы сөздер айтуы мүмкін, бірақ мен оны қабылдаймын. Команда солай әртүрлі ішкиіммен шықты. Мен ойын соңында тоқтатып, егер осы әзіл Желіге 24 сағат ішінде тарайтын болса, онда мен командамен қоштасамын дедім. Ол видео шамамен 17-18 күндей Желіге таралмай тұрды. Сайлау басталды деп хабарлама береді. Сол хабарлама келмей тұрып, 5 сағат бұрын осы видеоны әдемілеп, әрлеп Желіге жүктейді", - дейді Есен Елеукен. 

Дегенмен ол келесі жолы осы жобаны сүзгіден өткізіп, сахнаға шығаратынын жеткізді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы