- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сахнада тұрып қызды...
Сахнада тұрып қызды қорлаған стендапер кешірім сұрады
Алматыда стендапер сахнада тұрып қызды қорлағаны үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоны Алматы қалалық полициясы өкілдері жариялады.
"Алматы қаласының полиция Департаменті, Медеу аудандық полиция Басқармасымен 2000 жылы туған Т.есімді азамат ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлайды. Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ол кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды", - делінген хабарламада.
Полиция өкілдерінің мәліметінше, тұрғынның жасы 22-де.
Еске салайық, Желіде Алматыдағы барлардың бірінде стендапер қыздарды жезөкшелер деп айыптаған видеосы тараған еді. Видеода ол қыздарды келемеждеп, сұрақтарына дұрыс жауап бермей, "сенің анаң да жезөкше, басың дұрыс істемей ме?" дейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Құлтай