- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сахнада толстовкамен ән...
"Сахнада толстовкамен ән айтқанды түсінбеймін". Назгүл Қарабалина әнші Садраддинді сынады
Актриса, продюсер, режиссер Назгүл Қарабалина Садраддин лақапатымен танымал Болат Садраддин есімді әншіні сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі бұл туралы "Еркін сұхбат" бағдарламасында берген сұхбатта бөлісті.
"Садраддин деген жақсы әншіміз бар, өте жақсы әндері бар, танымад әнші. Мен сол кісіні шақырып, 2 концерт жасадым. Саундчекке келмек түгілі, ол әртіс концертке 2 сағатқа кешігіп, мына жерде асылатынымыз асылып, төбелесетініміз төбелесіп, әйтеуір оны сахнаға шығардық. Ол - өте жақсы әнші, әндері де жақсы. Оның Аллаға шүкіршілік ету туралы әндері бар. Ол бауырыма шүкіршілік астында жауапкершілік ету керек, істеп жатқан халқыңа рақметің болу керек, еңбегін сыйлау керек деп айтқым келеді. Бүгінгі образ, имиджді түсінеміз. "Шүкір Алла" дейтін адамның сахнада толстовкамен ән айтқанын түсінбеймін. Менің түсінігім бойынша, сахнада образ болу керек. Мен әртістің жеке басына қатысты айтып тұрған жоқпын, одан қаймықпаймын, сахна - киелі жер", - деді ол.
Айта кетейік, Садраддин - жастар арасында танымал әнші. Оның "Айға қарап", "Қанша күн", "Не себеп?" "Ана", "Алия", "18 лет" сынды әндері бар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Күміс алу деген қандай ойын?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек