Сағызға қақалған қызды Алматыдағы әскери қызметкер құтқарып қалды

Сағызға қақалған қызды Алматыдағы әскери қызметкер құтқарып қалды
Фото: Видео кадры

28 тамызда Алматыда демалыста жүрген 97617 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі дивизион командирінің орынбасары, майор Хасен-Сұлтан Сарсенбеков дүкенде жағдайы нашарлаған қызға көмек көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Достық" дүкенінде қыз күтпеген жерден сағызға қақалып, тұншыға бастаған. Сол сәтте жанында болған майор Сарсенбеков абдырап қалмай, бірден көмекке ұмтылған.

Әскери қызметкер қызға алғашқы көмек көрсетіп, оның тынысын қалпына келтірген. Майордың дер кезінде жасаған батыл әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.

Бұл әрекет әскери қызметкердің қиын сәтте көмекке келуге дайын екенін, сабырлылық пен жауапкершілік таныта білетінін көрсетті.

Әскери бөлім басшылығы майор Хасен-Сұлтан Сарсенбековтің әрекетін атап өтіп, оның адамгершілігі мен айналасындағыларға деген жауапкершілігін ерекше бағалады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget